Нұр-Сұлтан мен Алматы әлі "қызыл аймақтан" шыққан жоқ

619

62 мыңнан аса адам COVID-19-дан емделіп жатыр.

Нұр-Сұлтан мен Алматы әлі "қызыл аймақтан" шыққан жоқ

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары, ал "сары аймақта": Шымкент қаласы мен Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Жасыл аймақта" 4 өңір: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.

Өткен тәулікте коронавирус 1 719 адамнан анықталды. Осылайша COVID-19 жұқтырғандар саны 880 709-ға жетті.

2 781 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері
815 664 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша 62 662 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 10 849 пациент стационарда, 51 813 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 868 адамның жағдайы ауыр, 218 пациенттің жағдайы өте ауыр, 139 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 42 адам қайтыс болды. 

Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 560 935 адам, екінші компонентін 6 452 766 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу