Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында күніне 4 рейс орындалады

801

Жолаушылар коронавирусқа тест тапсырып, дені сау екенін дәлелдеуі керек.  

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында күніне 4 рейс орындалады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылары биылғы жылдың 1 мамырынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

Қос шаһардың арасын күніне 4 рейс жалғайды. Оның екеуін "Эйр Астана", бір рейсті "Fly Arystan" және тағы біреуін "SCAT" әуе компаниясы орындайды.  

1 мамырдан қатынай бастайтын рейстер кестесі:

"Эйр Астана": 
1. Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951)
2. Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20) (Рейс КС-952)
3. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30) (Рейс КС-855)
4. Нұр-Сұлтан (22:30) – Алматы (00:10) (Рейс КС-856)
Бұл рейстер Embraer 190 ұшағымен орындалады. Әуе кемесінің сыйымдылығы 108 орын. 

"Fly Arystan"
1. Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30) (Рейс KCX-7056)
2. Алматы (13:00) – Нұр-Сұлтан (14:40) (Рейс KCX-7055)
Бұл рейстер Airbus 320 ұшағымен орындалады. Әуе кемесінің сыйымдылығы 180 орын.

"SCAT"
1. Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30) (Рейс DV-713)
2. Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00) (Рейс DV-714)

Бұл рейстер Boeing 737. ұшағымен орындалады. Әуе кемесінің сыйымдылығы 144 орын. 

"Билеттер бүгіннен сатыла бастайды. Әуе компаниялары олардың бағасын рейстер тоқтатылғанға дейін сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады", – деп хабарлады министрлік. 

Екі қала арасындағы қатынас ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігер бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. 

Ал аталған рейстермен жолға шығу үшін төмендегідей талаптар бекітілген: 

- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың жарамдылық мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;
- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

"Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді. Бұл  бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен өтеді", – деді министрлікте. 

Еске сала кетсек, елімізде әуе қатынасы тоқтағанға дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында күніне 17 рейс ("Эйр Астана" - 9 рейс, "SCAT" - 3 рейс, "Qazaq Air" - 2 рейс, "Fly Arystan" - 3 рейс) орындалатын.

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу