Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды

514

Елорда әуежайы 2,2 млн теңге айыппұл төледі.

Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларына айыппұл салынды

Қос шаһардың әуе айлағы карантин талаптарын сақтамаған. Сондықтан әкімшілік жаза қолданылған. Оның ішінде Нұр-Сұлтан әуежайы 2,2 млн теңге көлемінде айыппұл төледі.

"Бұған елорда әуежайындағы шектеу шараларының сақталмауы себеп болды. Атап айтсақ, жолаушылардың келуі және кетуі үшін бөлек дәліздер ұйымдастырылмаған, ұшуға тіркелу және отыру кезінде жолаушылар арасындағы әлеуметтік қашықтық сақталмаған, терминалдарда дезинфекциялық төсеніштер жоқ, автобус жүргізушілерінің қолғаптары, кейбірінде бетперделер болмаған", – деді Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Садуақас Байғабылов.

Алматы әуежайына да қысқартылған жұмыс мерзімінің аяқталуына байланысты осындай бап бойынша айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу