Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына коммуналдық төлем үшін 20 мың теңге төленеді

1286

Жарлықтың жобасы қоғамдық талқылауға жіберілді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындарына коммуналдық төлем үшін 20 мың теңге төленеді

Төтенше жағдай кезеңінде Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында халықтың коммуналдық төлемін мемлекет есебінен қайтарып беру ұсынылды. Ашық үкімет порталында осындай мәндегі жарлықтың жобасы жарияланды.

Ол үшін қос қаланың әкімдік трансферттеріне әр абоненттің 3 айлық төлемі ретінде 20 мың теңгеден, жиыны 68,4 млрд теңге бағыттау қажет. 

Мұндай шара коммуналдық мекемелердің өз қызметін үздіксіз көрсетуіне тікелей қолдау болмақ. 

Жалпы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 1 139 423 абоенент тіркелген.

Есжан Ботақара 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу