Нұр-Сұлтан мен Алматыда бір топ адам заңсыз митингке шықты

1171

Қос шаhарда қауіпсіздік күшейтілді.  

Нұр-Сұлтан мен Алматыда бір топ адам заңсыз митингке шықты

Алматыда 50-ге жуық адам Республика Сарайы мен Абай ескерткішінің жанында жиналды. Қазір бұл аумақты полиция қоршауға алды. 

Жиналғандар карантин талаптарын сақтамауда. Олардың бірқатары бетпердесіз келген, ара қашықтық ережелеріне де бағынбауда. 

Жиналғандар демократиялық реформалар мен сөз бостандығын, бейбіт жиындар ұйымдастыру еркіндігі мен шетелдік инвесторларға берілген меншікті қатару туралы талап қоюда. 

Көпшілік алдына Алматы прокуратурасының өкілі шығып карантин ережелерін бұзбауға шақырды. Сонымен қатар қаланың бұл бөлінінде дезинфекциялық жұмыстар жүріп жатқанын ескертті. 

Әзірге полицейлер жағдайды бақылауда ұстап, ешкімді тұтқындаған жоқ. 

Бұл ретте Алматы әкімдігі митинг туралы ресми хабарлама берілмегенін мәлімдеді. 

"Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы бүгінгі күнге дейінгі жағдай бойынша қала әкімдігіне бейбіт митингтер мен жиналыстар өткізу жөнінде хабарлама берілмегендігі жөнінде ескертеді.  Осыған орай, әлеуметтік желілерде таратылып жатқан митингке шақыру заңсыз болып табылады.

Бүгін қабылданған заң бойынша: қалалық әкімдікке шара өтетін күнге дейін 5 күн бұрын хабарлама берілуі керек, бейбіт жиналыстарды өткізуге тек мамандандырылған арнайы жерлерде ғана рұқсат етіледі", - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Соған ұқсас жиындар Нұр-Сұлтанда да болды. Оншақты адам "Қазақ елі" монументі мен Тәуелсіздік сарайының маңына жиналған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу