Бұл туралы ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.
"2020 жылдың 4 шілдесіндегі жағдай бойынша елімізде 45 719 коронавирус расталған жағдай тіркелді. Оның 21819-ында індет жеңіл және симптомсыз формада өтуде. 23645 науқастың жағдайы орташа. 15276 науқас ауруханадан емделіп шықса, 30219 адам ем алып жатыр. Соңғы айда инфекция ең көп тіркелген аймақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Батыс Қазақстан өңірі.
Науқастардың 42%-ы профилактикалық тексеріс кезінде, 37%-ы байланыста болғандар, 19%-ы өздігінен дәрігерлер көмегіне жүгінгендер, 2%-ы сырттан келгендер арасында анықталды", – деді Айжан Есмағамбетова.
Құралай Құдайберген