Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққан 57 адам ұсталды

2817

Бас прокуратура қазақстандықтарға митингілерге шықпау туралы үндеу жасаған болатын.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда митингке шыққан 57 адам ұсталды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингіге қатысқан 57 адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

"21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұрынды. Олардың кейбіреуі басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасай бастады", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

"Ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдады. Қазіргі уақытта құқық бұзушылық үшін 57 адам ұсталды, оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр", – деді ведомство өкілі. 

Еске салсақ, Бас прокуратура қазақстандықтарға митингілерге қатысты үндеу жасаған болатын. Хабарламада құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауаптылық қарастырылғанытуралы айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу