Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кәсіпорындарға қандай мамандар керек екені анықталды, деп хабарлайды Atameken Business.
Мәселен, Алматыда сұлулық салондары, фитнес және спорт саласындағы мамандарға деген сұраныс бірден 200 пайызға өскен. Заңгерлерге 300 пайызға артса, күзетшілерге 150 пайызға көбейген. Ал Нұр-Сұлтанда құрылысшыларды іздейтіндер 100 пайызға өссе, медқызметкерлерге 43 пайыз, ал сұлулық индустриясының өкілдеріне сұраныс 190 пайызға көбейген. Жалпы алғанда, карантиннен кейін бос жұмыс орындарының саны Алматыда 33 пайызға, ал Нұр-Сұлтанда 36 пайызға артқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу