Нұр-Сұлтан мен Алматыда жүздеген адам қамауға алынды

1250

ІІМ ресми өкілі түсінік берді.  

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жүздеген адам қамауға алынды

Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы халықтың наразылығы кезінде тұтқындалған журналистер босатылады. Бұл туралы ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды Atameken Business.

Ол тілшілердің ұсталғанынан хабарсыз екенін айтады. Ал топтап автобусқа қамалып жатқан қарапайым азаматтар жазаланатын көрінеді. Өйткені олар Қазақстанда тіркелмеген және тыйым салынған ДВК ұйымының үгіттеуімен көшеге шыққан. 

Айта кетейік, бүгін елорда мен Алматыда жүздеген адам наразылықтарын білдіріп, шеруге шықты.

"Мен министрліктен жақында келдім. Журналистердің тұтқындалғаны жөнінде хабар болмады. Бірақ бұл факті расталса, олар дереу босатылады. Заңсыз митинг болған соң, ондай жағдайлар болуы мүмкін", – деді Марат Қожаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу