Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшқысы келгендер коронавирусқа тест тапсырады

1469

Әуе жолаушыларын коронавирусқа тексеретін орталықтар тізімі жасалады.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшқысы келгендер коронавирусқа тест тапсырады

Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында әуемен қатынаушылар коронавирус инфекциясын жұқтырмағанын дәлелдеуі керек. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен осныдай мәлімет берді.

"1 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының арасында әуе қатынасы жанданады. Бастапқы кезеңде ұшу жиілігі күніне 4 рейс болады. Қазіргі таңда әуежайлар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай дайындалды. 1 мамырдан бастап жұмысқа кірісуге әзір тұр. Жолаушылар ұшаққа отыру үшін коронавирусқа алдын ала тест тапсыруы керек. Бүгінде біз Денсаулық сақтау министрлігімен коронавирусқа талдау жасайтын орталықтарды пысықтадық. Жолаушылар "Олимп" желілеріне жүгіне алады. Өзге де ұлттық орталықтарға жүгінуге болады. Бұл бойынша толыққанды ақпаратты БАҚ арқылы келешекте береміз", – деді әкімдік өкілі.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу