Нұр-Сұлтан мен Алматының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 32 адам тұтқындалды

769

Елімізде жалпы саны 147 блок-пост орнатылды.  

Нұр-Сұлтан мен Алматының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 32 адам тұтқындалды

Нұр-Сұлтан мен Алматының шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 33 адам анықталып, оның 32-сі тұтқындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

"28 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин ережелері қатаңдатылғанын білесіздер. Осы кезеңде полицейлер қала тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барын салуда. Елімізде жалпы саны 147 блок-пост орнатылды. Соған қарамастан әлі күнге дейін заң бұзушылықтар анықталуда. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда қалаға заңсыз кірмек болған 33 адамың үстінен іс қозғалды. Олардың қатарында ақылы түрде блок-посттардан адам алып өтпек болғандар да бар. Сол себепті 32 адам тұтқындалды", – деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу