Нұр-Сұлтан мен Доха арасын Qatar Airways жалғайды

1091

Әуе қатынасы биыл басталады. 

Нұр-Сұлтан мен Доха арасын Qatar Airways жалғайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" тәртібі аясында елімізге шет мемлекеттердің жаңа әуе компанияларын тартып жатыр. 

Мақсатқа жету үшін бүгін Қатар астанасы Дохада екі елдің авиациясына жауапты тұлғалары келіссөз жүргізді. Нәтижесінде Катар азаматтық авиация әкімшілігінің президенті Абдулла Насер Турки Аль-Субай мен Қазақстан азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Нұр-Сұлтан мен Доха арасында аптасына 7 жолаушы, 7 жүк рейсін ұйымдастыруға уағдаласты. 

Qatar Airways әуекомпаниясының аға вице-президенті Фатхи Аттидың айтуынша, Нұр-Сұлтан мен Доха арасындағы алғашқы әуе қатынасы биыл желтоқсан айында басталады. 

Айта кетейік, Qatar Airways  әлемдегі ең ірі әуе компаниялардың бірі. Оның әуе паркі 233 әуе кемесінен тұрады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Qatar Airways 29 млн-ға жуық жолаушыны тасымалдаған. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу