Нұр-Сұлтан мен Киев ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады

965

18 маусымда Киевте экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Қазақстан-Украина комиссиясының 14-ші отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Нұр-Сұлтан мен Киев ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады

Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Украина тарапынан тең төраға-Украинаның Бірінші вице-премьері, Экономика министрі Алексей Любченко болды.

Отырысты ашқанда тараптар ынтымақтастықтың маңызды әлеуетін және оны ашу бойынша бірлескен кешенді күш-жігерге өзара мүдделілігін атап өтті. Украина Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала береді. Алайда, соңғы бірнеше жылда өзара сауда көлемінің төмендеуі тіркелді.

Осыған байланысты, Комиссияның тең төрағалары сауда айналымының көлемін арттыру бойынша нақты бастамалар туралы айтты. Бақыт Сұлтанов украиндық әріптестеріне бірінші кезеңде 70 тауар позициясын жеткізу мәселесін бірлесіп пысықтауды ұсынды, олар бойынша қазақстандық кәсіпорындар шикізаттық емес экспортты 350 млн. теңгеге жеткізе алады. Бұл өз кезегінде қазақстандық экспорттың таяудағы перспективада 45,5% - ға өсуіне алып келеді.

"Біз мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия, машина жасау салаларының өнімдерін, құрылыс тауарларын жеткізу көлемін ұлғайтуға мүмкіндігіміз бар", - деп хабарлады Б.Сұлтанов.

Қазақстандық делегация басшысының пікірінше, сауда-экономикалық қатынастардың дамуына Киевте қазақстандық сауда үйінің және Нұр-Сұлтанда қазақстандық және украиндық өндірістің үздік өнімдері ұсынылатын украиндық сауда үйінің ашылуы ықпал етер еді.

Өзара тауар айналымын қарқындату үшін қазақстандық тарап Киевке түрлі салаларда бірлескен кооперациялық жобаларды ашу арқылы ынтымақтастықты тереңдетуді ұсынды. Қазақстан мен Украинаның машина жасау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және IT-индустрия салаларында осындай ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі бар. Сонымен қатар, бірлескен кәсіпорындардың әлеуеті бар, оның ішінде дайын өнімді Үшінші елдерге тарату үшін Комиссияның тең төрағалары келісті.

Нақты жобалар туралы айта отырып, Украина тарапы автомобиль техникасын бірлесіп өндіруге қызығушылық білдірді. Өз кезегінде, Қазақстан украиндық нарыққа қазақстандық Hyundai автокөліктерін жеткізуге және серіктестердің ұсыныстарын сараптамалық деңгейде егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екенін айтты.

Киевте стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде бір Тараптың ұлттық стандарттарын екінші Тараптың аумағында қолдану және тарату мүмкіндігі талқыланды.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бұл елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ықпал ете отырып, саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жағдай жасар еді.

Тараптар көлік және транзиттік тасымалдар саласындағы Қазақстан-Украина ынтымақтастығының мәселелерін қарастырды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында транзиттік жүк тасымалын дамытуға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, қазақстандық тарап украиндық әріптестеріне инвестицияларды тарту үшін және украин өнімдерін ҚХР-ға көтерме-бөлшек экспорттау үшін алаң ретінде "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының мүмкіндіктерін неғұрлым белсенді пайдалануды ұсынды.

Келіссөздердің бөлек тақырыбы – ІТ саласындағы ынтымақтастықтың синергиясын қамтамасыз ету. Бұл ретте тараптар пилоттық режимде мемлекеттік басқару және медицина саласындағы бірқатар технологиялық шешімдерді іске асыруды бастау ниетін растады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды:

1.Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық Украина-Қазақстан бірлескен комиссиясының он төртінші отырысының хаттамасы;

2. Украинаның экономика министрлігі мен Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі арасындағы екіжақты саудадағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдау мәселелері жөніндегі Агенттік" мемлекеттік ұйымы мен "Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы" акционерлік қоғамы арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум.

Тараптар бірлескен комиссияның 15-ші отырысын Қазақстан Республикасында (Нұр-Сұлтан қ.) өткізуге уағдаласты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу