Нұр-Сұлтан мен Мәскеу ынтымақтастық бағдарламасын әзірлейді

694

Қала әкімі Мәскеу үкіметінен қазан айында Қазақстанның астанасында өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) VIII ғаламдық саммитін өткізуді қолдауын сұрады.

Нұр-Сұлтан мен Мәскеу ынтымақтастық бағдарламасын әзірлейді

Бүгін Астана экономикалық форумы (АЭФ) аясында Бақыт Сұлтанов Мәскеу үкіметінің министрі – Мәскеу сыртқы экономикалық және халықаралық қатынастар департаментінің басшысы Сергей Череминмен кездесті, деп хабарлайды elorda.info.

Бақыт Сұлтанов жуырда Нұр-Сұлтан қаласының 2050 жылға дейінгі стратегиялық дамуы бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтетінін мәлімдеді. Осыған байланысты С. Черемин Мәскеудің қалалық мәселелерді шешудегі ең табысты жобаларын қолдануды ұсынды.

"Жүйелі интеграцияланған жұмысты жалғастыру үшін күн тәртібін жаңартуды және 2019-2020 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағдарламасын әзірлеу маңызды", – деді Бақыт Сұлтанов.

Бұдан басқа, қала әкімі Мәскеу үкіметінен қазан айында Қазақстанның астанасында өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымының (ЮНВТО) VIII ғаламдық саммитін өткізуді қолдауын сұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу