Нұр-Сұлтан мен Омбы арасындағы әуе рейсі қайта жанданады

818

Омбы билігі одан бөлек Павлодар мен Петропавл бағытында да әуе рейсін іске қосуға күш салып жатыр, деп хабарлайды деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Омск-Информ" агенттігіне сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтан мен Омбы арасындағы әуе рейсі қайта жанданады

"Омбы губернаторы Александр Бурков Петербург экономикалық форумының алаңында Росавиация басшысы Александр Нерадькомен бұл шаруаны талқылады. Қазақстанның қалаларына Омбыдан шығатын әуе рейсін қалпына келтіру мәселесі пысықталды. Пандемия басталғалы бір жылдан бері Омбы мен Қазақстан арасында әуе рейсі тоқтап қалған. Бұрын Нұр-Сұлтан мен Омбы арасында тұрақты рейс болатын. Бурков бүгін Омбы мен Нұр-Сұлтан қалаларының арасындағы әуе рейсін қалпына келтіру бойынша Қазақстанның ұлттық тасымалдаушысымен алдын ала келісп қойды", делінген хабарламада.

Бурков стратегиялық маңызды бағытты қолдау, сонымен бірге 2022 жылы халықаралық әуе рейстерінің жаңа желілерін ашу мүмкіндігі үшін Нерадькодан көмек сұраған.

"Алдағы уақытта Омбы – Павлодар мен Омбы – Петропавл бағытындағы әуе рейстерін ұшыру мәселесі де қаралуда", – делінген хабарламада.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу