Нұр-Сұлтан қаласының перзентханаларында жүкті және босанған әйелдерге арнайы сайлау учаскелері ұйымдастырылды. Таңертең 344 әйел дауыс берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.
№ 208 жабық сайлау учаскесі төрағасының орынбасары Лариса Павловец медицина мекемесінде сайлау қалыпты өтіп жатқанын айтты.
Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сағат 14.00 уақыты бойынша астананың перзентханаларында 30 бала дүниеге келді, оның ішінде –15 ұл, 15 – қыз бала.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу