Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

639

Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты биылғы 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізіледі.    

Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

5 шілдеден бастап елордалық полиция қызметкерлері күшетілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды Полиция департаменті.

Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы да түсіндіру жүргізеді.

"Дауыс зорайтқышты қолдану – азаматтарға қолданыстағы ережелер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз", – деп атап өтті полиция департаментінен.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын үйлер ауласы мен адамдар көп жиналатын жерлерді аралайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу