Нұр-Сұлтан – Щучинск жолы жабылды

514

Қазгидромет дауылды ескерту жасады.  

Нұр-Сұлтан – Щучинск жолы жабылды

Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша 13 қараша сағат 00:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ, жел, қар) Нұр-Сұлтан – Петропавловск  (Нұр-Сұлтан – Щучинск) тасжолы автокөліктің барлық түрлеріне жабық. Оның ұзындығы – шамамен 18-231 шақырым. 

Сонымен қатар Қазгидромет дауылды ескерту жасады. 

"13 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с жетеді", – деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу