Нұр-Султан, Шымкент, Алматы және өңірлерде жұмысын жандандыратын кәсіпорындар белгілі болды

962

Дәурен Абаев жұмысын қайта бастайтын бизнес саласының тізімін жариялады.  

Нұр-Султан, Шымкент, Алматы және өңірлерде жұмысын жандандыратын кәсіпорындар белгілі болды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Мемлекет басшысының экономиканың кейбір салаларында жұмысты кезең-кезеңімен қайта бастау туралы тапсырмасын орындау үшін ертеңнен бастап барлық облыстарда және 1 мамырдан бастап Шымкент қаласында жұмысын қайта бастайтын бизнес саласын жариялады.

 "Өнеркәсіптік кәсіпорындар; құрылыс компаниялары; көлік, қойма және логистика саласындағы компаниялар; автосалондар мен техникалық қызмет көрсету станциялары; екінші деңгейлі банктер, нотариустар; бизнеске қызмет көрсету үшін ХҚКО", – дей отырып, елорда мен Алматыда жұмысын жаңадан жандандыратын салаларды айтып өтті.

"Нұр-Султан қаласында тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер; жануарлар дүкендері, гүл сататын дүкендерді қоспағанда, көшеттер, тұқымдар сататын дүкендер; риэлторлық компаниялар; жылжымайтын мүлікті бағалау агенттіктері; сақтандыру компаниялары; екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары жұмысын жандандырады. Алматы қаласында техникалық қызмет көрсету станциялары, автожуу, доңғалақ жондеу станциялары; тұрмыстық техника жөндеу; жарнама агенттіктері; ауылшаруашылық техникасы дүкендері; автосалондар клиенттерге тек техникалық қызмет көрсету тұрғысынан; көлік және қойма компаниялары; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары; қызметкерлерінің 50%-ы шығу шартымен екінші деңгейдегі банктер; микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, брокерлер, ломбардтар жұмысын қайта бастайды", – деп мәлім етті министр.

 Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу