Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды

981

Оқиға 14 қыркүйек күні орын алды.  

Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ бортында жолаушы қайтыс болды

Нұр-Сұлтан – Шымкент рейсінің бортында жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Ұшу кезінде кабина экипажы жолаушының жағдайы нашарлағаны және шұғыл көмекке мұқтаж екендігі туралы ақпарат алды. Стюардесса жолаушы отырған орынға жақындағанда, ол есінен танып қалған, тексеру кезінде оның тыныс алмай отырғаны анықталды. Ол әуе кемесі командиріне есеп беріп, жолаушылардан көмек сұрады", - деп хабарлайды QAZAQ AIR баспасөз қызметі.  

Оған осы рейспен келе жатқан дәрігер көмекке келген. Медициналық көмек көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес аға бортсерік әйелге жүрек-өкпе реанимациясын жасаған.

"Әуе кемесінің командирі жақын маңдағы әуежайға шұғыл қону туралы шешім қабылдады. Диспетчерлер арқылы экипаж оқиғаның мән-жайын хабарлап, жедел жәрдем шақырды. Жезқазған әуежайына қонғаннан кейін, келген дәрігерлер жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. QAZAQ AIR жолаушының отбасы мен туыстарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - деп жазылған әуе компаниясы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу