Нұр-Сұлтан тұрғын алаптарында бірқатар әлеуметтік нысан салынуда

709

Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елдімекенде жүргізіліп жатыр. 

Нұр-Сұлтан тұрғын алаптарында бірқатар әлеуметтік нысан салынуда

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бүгін кешкілік аралау барысында Өндіріс (Лесозавод) елдімекенінде бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен таныстым. Азаматтарды қабылдау, есеп беру кездесулерінде елдімекен тұрғындары балалардың спортпен шұғылдануына арналған демалыс орталықтарын ашуды сұрады.

Мәселен, Өндіріс, Железнодорожный, Көктал-2 елдімекендерінде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Бұл ғимараттарда спортпен шұғылдануға арналған секциялардан басқа ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдерінің қызығушылықтары бойынша клубтар және т.б. орналасады. Келесі жылы Үркер (Ильинка) елді-мекенінде дәл осындай ғимарат салынады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Өндіріс елді-мекенінде жұмыс істеп тұрған №23 мектеп аумағында мектептің жаңа корпусының құрылысы басталды. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемеден арылуға, оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

№49 оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. "Кезекші топта" бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге санитария нормаларын қатаң
сақтау бойынша кеңес берілді.

Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елдімекенде жүргізіліп жатыр: су мен кәріз жүргізуден бастап, әлеуметтік жобалар құрылысына және аумақтарды кешенді абаттандыруға дейін", – деп жазды Алтай Көлгінов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу