Нұр-Сұлтан тұрғыны бір кешеннен 65 пәтер алып алған. Жалпы 67 пәтері бар болып шықты. Енді ол пәтерлердің жалға берілгендігі туралы деректер тексерілуде. Бұл туралы ҚР ҚМ мемлекеттік кірістерді бақылау департаменті директорының м.а. Әнуар Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі мәліметке сай, елде 20 мыңнан астам адамның меншігінде 3 және одан да көп пәтері бар. Олар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, тиісті салықтарды төлемей жүр. 150 адамның меншігінде 10-нан астам пәтер бар екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу