ҚР ИИДМ Авиация комитеті "Qazaq Air" АҚ авиакомпаниясымен рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізген. Нәтижесінде, 15 тамыздан бастап "Qazaq Air" АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын ұшулар санын аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыратын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"ҚР Президентінің Жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғайтылады. Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді", – деген сенімде екенін жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу