Нұр-Сұлтан жолдарының қары күрелмегеніне кім кінәлі?

871

Елордада 4 қазан күні жауған жаңбырдың соңы қарға ұласып, таңертең қалада көлік қозғалысы қиындады.

Нұр-Сұлтан жолдарының қары күрелмегеніне кім кінәлі?

Бір анығы әкімдіктегілер қар тазалауды дер кезінде бастамаған, нәтижесінде көлік кептелісі пайда болып, жол апаттарының саны күрт артты, деп хабарлайды inbusiness.kz

Бұл ретте, ақпанда және наурызда "Астана Тазалық" ЖШС қыс мезгілінде жүк көліктерін жалға алу бойынша екі келісімшартқа қол қойып, осы мақсатта 279 млн теңге бөлген. Екі келісім де осы жылдың соңына дейін жасалған, бірақ бұл тек құжат жүзінде рәсімделген міндеттеме сыңайлы. Себебі жасалған жұмыстың ізі де көрінбейді.

Қоғамдық көлік қатысушыларының айтуынша, 5 қазан Нұр-Сұлтанда автобустар кестеден ауытқыған. CTS мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты (қардың түсуі, көктайғақ) көлік қозғалысы мен қоғамдық көліктің жылдамдығы төмендеді, автобустар маршрутында кідірістер, кестеден ауытқу болды. Жол-көлік оқиғалары, оның ішінде қоғамдық көліктердің жол апатына ұшырауы жиілеген.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу