Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынуда

861

Биыл 150-ге жуық аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар мен гүлзарлар) абаттандырылады. 

Нұр-Сұлтанда 10 жылдан бері бос жатқан жерге гүлзар салынуда

Апаттық жағдайдағы күрелген үйдің 10 жыл бойы бос жатқан орнына жаңа гүлзар салынып, аула алаңы абаттандырылуда.

Нұр-Сұлтанның барлық аудандарында аулалар мен аулаішілік аумақтарда абаттандыру жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күрелген апаттық жағдайдағы үйдің орнында (Есенберлин көшесі, 36 үй) қазір жақын маңайдағы үйлердің тұрғындарына арнап жаңа аула салынуда. Алаң бірнеше аймаққа бөлінген: балаларға арналған ойын алаңы, мини-футбол пен баскетбол үшін спорт алаңы, жаттығу құралдары бар спорт алаңы, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін және серуендейтін жер бар. Бұған қоса жобада көлік тұрағы ескерілген.  

10 жылдан бері бос жатқан жерде (Сарыарқа даңғылы, 23) жақын арада жаңа гүлзар пайда болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу