Нұр-Сұлтанда 1040 шағын бизнес субъктісі коммуналдық төлемнен 3 айға босатылды

1232

Сондай-ақ, олардан сауда нүктесі үшін де жалдау ақысы алынбайды.  

Нұр-Сұлтанда 1040 шағын бизнес субъктісі коммуналдық төлемнен 3 айға босатылды

Елордадағы шағын кәсіпкерлік субъктілері коммуналдық төлем жасаудан 3 айға босатылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі берген түсіктемесіне қарағанда, бұл 1040 кәсіпкерге қатысты. Оның 340-ы шағын және орта бизнес иелері болса, 590-ы "1000 сауда нүктесі" бағдарламасымен көшедегі дүңгіршіктерді жалдап отырғандар. Тағы 290-ы жерлікті басқару органымен шарт жасасып, қала меншігіндегі түрлі кешендерде азық-түлік және көкеніс сатумен айналысатын дүкендер.

Бұдан бөлек, "Astana" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы да 110 бизнес субъектісін арендалық төлемнен босатқан.  Барлығына 3 айға жасалған жеңілдік сомасы 148 млн теңгені құрамақ. Бастама 20-шы наурыздан күшіне енген.

Еске салсақ, өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдайға орай шағын және орта бизнеске бірқатар жеңілдік жасауды тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу