Нұр-Сұлтанда 1049 медицина маманы коронавирус жұқтырған

714

Елорданың жедел жәрдем қызметі 14 жаңа көлікпен толығады. 

Нұр-Сұлтанда 1049 медицина маманы коронавирус жұқтырған

Бұл туралы Astana Adaldyq Alańy аясында өткен тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті.

"Қазір елордада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның келесі толқынына дайындықты бастап та кеттік. Жедел жәлдем қызметі 14 жаңа көлікпен толығады. Жыл соңына дейін 37 көлік алу жоспарланып отыр. Дәрілік препараттар қорын толықтырудамыз", – деді спикер.

онымен қатар ол елордадағы жедел жәрдем қызметінің жұмысына тоқталды. 
"Денсаулық сақтау министрлігі 1500 көлік сатып алмақ. Бұл барлық республикаға есептелген. Яғни, оның ішінде алыс аймақтар да бар. Ал біздің жедел медициналық көмек қызметінің автопаркі 128 көліктен тұрады. Оған қоса амбулаторлық поликлиникаларда тағы 60 көлік бар. Осылайша бір тәулікте қала тұрғындарына 188 көлік қатар қызмет көрсете алады", – деген Тимур Мұратов жұмысынан бөлек жағдайда індет жұқтырғандарға үстемақы берілмейтінін ескертті.

"Нұр-Сұлтан бойынша 1049 медицина маманы қызмет барысында індетке шалдықты. Олар арнайы комиссияның тексерісінен кейін 2 млн теңге үстемақы алады", – деді басқарма басшысы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу