Нұр-Сұлтанда 128 ғимарат пен құрылым техникалық тексеруден өтеді

1089

Төтенше жағдайлар департаментіне ПИК-пен бірлесіп, биік тұрғын үйлерге техникалық зерттеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.   

Нұр-Сұлтанда 128 ғимарат пен құрылым техникалық тексеруден өтеді

Биыл техникалық жағынан күрделі көп қабатты ғимараттар мен адамдар көп жиналатын ғимараттарда кешенді техникалық тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, 128 ғимарат тексеріледі.

"Қазіргі уақытта басқарма барлық объектілерге паспорттар мен техникалық тексерулер жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жіберді, олардың ішінде – "Астана-Нұрлы Жол" теміржол вокзалы, "Евразия-3" сауда орталығы, Talan Towers бизнес орталығы, "Политехникалық колледж" техникалық байқаудан өткен", – дейді Нұрлан Нұркенов.

"Ғимараттар мен құрылыстар" стандарты бойынша ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйін алғашқы тексеру олар пайдалануға берілгеннен кейін екі жылдан кешіктірілмей жүргізілуі керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу