Нұр-Сұлтанда 13 мамырда веломаусым басталады

610

Велопрокатқа тарифтер өзгеріссіз қалады.

Нұр-Сұлтанда 13 мамырда веломаусым басталады

Елордада 13 мамырда қалалық велопрокат қызметі іске қосылады; тұрғындарға 50 велобекет пен 200 велосипед қолжетімді болады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Маусым айында велопрокат желісі үш есеге артады – жалпы саны 155 пункт іске қосылып, елорда тұрғындары мен қонақтарына 700 велосипед қолжетімді болады.

Велобайктерді брендтеуде негізгі басымдық түстерге берілген. Ашық-жасыл түс – City Transportation Systems компаниясының брендін, көгілдір түс – Нұр-Сұлтан және Astanabike логотипінің брендін көрсетеді. Сондай-ақ велосипедтерде ашық көк, көк шеңберлер мен нүктелерді көруге болады.

Жалға беру қызметін жүйеге тіркелгеннен кейін пайдалануға болады. Ол үшін www.velobike.kz сайтына кіріп, жария шарттың талаптарымен танысу және өзінің келісімін растау қажет.

Қызметті 16 жасқа толған тұлғалар тұтына алады. Велопрокатқа арналған абонементтерді www.velobike.kz сайтында және City Transportation Systems кассаларында 13 мамырдан бастап сатып алуға болады.

Велопрокатқа тарифтер өзгеріссіз қалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу