Нұр-Сұлтанда әр түрлі тұрғын үй кешендерінің 15 кіреберісі карантинге жабылды. Короновирус жұқтырғандар стационарда. Олармен байланыста болған адамдар анықталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындар үй карантинінде. Оларға үйден шығуға тыйым салынады. Басқа адамдарға да баруға болмайды. Аумақ қоршалды",– дейді әкімдіктен.
Кіреберістер карантиннен зертханалық зерттеулер мен барлық жақын байланыста болған адамдардың деректерін өңдегеннен кейін бас санитарлық дәрігердің шешімімен соң алынады.
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың 24-і сауығып кетті. Оның 16-сы – Нұр-Сұлтан қаласында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу