Нұр-Сұлтанда 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады

659

Елордада 24 мамыр күнгі ақпарат бойынша 152 мыңнан астам адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 1 компонентін алды, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 152 мыңнан астам адам вакцина қабылдады

Қала тұрғындары мен қонақтары қытайлық Sinofarm Hayat-Vak және ресейлік "Спутник-V" вакцинасын қабылдай алады.

Басқарма қоймаларында жоғарыда аталған вакциналардың дозалары жеткілікті екені хабарланды.

Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, қаланың СОО-ларында және сауда кешендерінде егу аймақтары ашылғаннан бері 22,7 мыңнан астам адам вакцина алған.

Естеріңізге сала кетейік, халықты вакцинациямен кеңінен қамту үшін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Бүгінде елордада "Mega Silk Way", "Keruen", "Хан Шатыр", "Абу-Даби Плаза", "Азия Парк" СОО-ларында, сондай-ақ "Сарыарқа", "Астаналық", "Әлем" сауда үйлерінде ашылды.

Вакцинация пункттерінің кеңеюіне байланысты БМСК ұйымдарының жұмыс уақыты қысқарып, 08:00-22:00 аралығына белгіленсе, СОО-лар үшін жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады – сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу