Олар 9 млрд 930 млн теңге көлеміндегі соманың тегін дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдарымен қамтамасыз етілген. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордадағы филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров онлайн-брифингте мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Оның ішінде Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 87 331 пациент 260 696 рецептпен, ал МӘМС бойынша 96 776 ересек 335 236 рецептпен және 13 413 бала 25 836 рецептпен қамтылды. Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1 563 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 4 199 бала; Темір жетіспеушілігі анемиясымен 726 бала, рахит ауруымен 394 бала, пневмониямен 1 075 бала, синуситпен/бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 256 бала, т.б.", – деді спикер.
Нұрлыбек Қабдықапаров емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық қажетті дәрілер барын атап өтті.