Нұр-Сұлтанда 2 қар полигоны толып қалды

1045

Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданының өзіне тиесілі 4 қар полигоны бар. 

Нұр-Сұлтанда 2 қар полигоны толып қалды

Қар полигондарына ірі мекемелер, құрылыс дүкендері, ойын-сауық орталықтары, жекеменшік мекемелер қар шығара алады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінде қаладағы екі полигон қарға толып, орнына басқа екі полигон ашылды.

Жалпы осы уақытқа дейін 1 917 830 текше метр қар қала сыртына шығарылған (159 819 рейс).

Елорданың коммуналдық мекемелері қар шығару жұмыстарын 3 ауысымда күшейтілген режимде атқарып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу