Нұр-Сұлтанда 2 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған

848

Елордада қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 2 мың азаматты алдағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда 2 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған

Қаржы мониторинг агенттігінің елордадағы департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша Р.Ж. Ахымбекова мен К.Ж. Елеукеноваға қатысты қылмыстық істі аяқтады.

Күдіктілер WhatsApp және Telegram арқылы "Астана Раушан касса айналымы" деген чат ашып, ақша алу үшін 2 мыңға жуық салымшыны тартқан.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық соты қаржы пирамидасының құрушы мен басшысын нақты мерзімге – әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ сот олардың екеуін де 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестиция тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырды.

198 жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Сонымен қатар агенттік азаматтарды аса сақ болып, қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға алданып қалмауға шақырды.

Егер қаржы пирамидасына тап болсаңыз, қаржы мониторингі агенттігіне хабарласыңыз. Сенім телефоны: +7 (7172) 708-478.

Айта кетейік, биыл 11 сәуірде елордада Mudarabah Capital қаржы пирамидасына 20 млн теңге салған әйел жұрттың көзінше өзін өртеп жіберген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу