Нұр-Сұлтанда 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады

1206

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасымен "Игі істер марафоны" аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік себеттері таратыла бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 2 мыңнан астам отбасыға азық-түлік себеті табысталады

Елордада 6-9 наурыз аралығында "Игі істер марафоны" аясында 2 мыңнан
астам азық-түлік себетін тарату жоспарланған. Әр отбасыға бір себеттен беріледі.
Олардың әрқайсысының салмағы 25-27 келі. Ішінде жарма, макарон, күнбағыс майы, күріш, қарақұмық, қант, шай, ұн, түрлі тәттілер, балаларға арналған кәмпиттер, сол сияқты кір жуғыш ұнтақ, сабын, сусабын секілді тұрмыстық
химияның 20-ға жуық өнімі бар.

"Біз барлық мұқтаж азаматтарға арнайы тізім бойынша азық-түлік себеттерін тарата бастадық. Олардың қатарында қарттар, I, II, III топтағы мүгедектер, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жалғыз басты аналар, көпбалалы отбасылар бар. Акция аясында 6-9 наурыз аралығында біз 2 мың отбасыға көмектесуді жоспарлап отырмыз. Мұндай шаралар кешені наурыз айының соңына дейін жалғасады. Ал айдың соңына дейін біз одан да көп отбасын қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шараға түрлі ұйымдар демеушілік етеді. Бұл себеттерді үйлерге әкімдік қызметкерлері, партия өкілдері, қарапайым азаматтар, еріктілер жеткізеді. Біз осы акцияны қолдауға, азық-түлік себетін қалыптастыруға және оны мұқтаж отбасыларға жеткізуге барлық адамдарды шақырамыз", – деді елорданың Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Мерекелік себетке ие болған өзге тұрғындар да ризашылықтарын білдіріп
жатты. 6 наурыз күні азық-түлік себеттері 1 мыңнан астам отбасыға
жеткізілді, өзгелеріне жақын күндері таратылатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу