Елордада коронавирус жұқтыру дерегінің тіркелуіне байланысты 21 мектеп карантинге жабылған. Бұл туралы елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Оқу жылы басталғалы бері Нұр-Сұлтанда барлығы 79 мектеп карантинге жабылды. Қазіргі таңда 21 мектеп карантинде", - деді ол әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, студенттер арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың
174 дерегі тіркелген.
"Оның ішінде 35 колледж, 139 университет студенттері", - деді ол Сархат Бейсенова.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу