Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

788

Екпе салу қарашаға дейін жалғасады.

Нұр-Сұлтанда 24 мыңнан астам адам тұмауға қарсы екпе салдырды

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов емханаға барып, тұмауға қарсы екпе салдырды. Басқармасы басшысы екпенің маусымдық аурулардың өршуі кезіндегі маңыздылығын да атап өтті деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Вакцинация - аурудың ауыр сипаты мен оның кең таралуын ескере отырып, тұмаудан қорғаудың ең қисынды әдісі. Сонымен қатар, қазір осы кезең үшін стандартты аурулардың (суық тию, тұмау) қоздырғышы болуы мүмкін коронавирус инфекциясы кезеңінде вакцинация өте маңызды! Баршаңызды вакцина алуға және өз денсаулығыңызға жауапты болуға шақырамын!" - деді Тимур Мұратов қала тұрғындарына.

Еске сала кетейік, елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы екпенің 110 мың дозасын сатып алған болатын. Ол ТМККК пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі. Атап айтқанда: созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдерге (жүктіліктің 2-3-ші триместрі), жабық мекемелердегі адамдарға (балалар үйі, сәбилер үйі, мектеп интернаты), мүгедектерге (ересектер мен созылмалы аурулары бар балалар); 60 жастан асқан қарттарға.

Нұр-Сұлтанда вакциналау басталғаннан бері 24,6 мың адам тұмауға қарсы екпе алды. Олардың 6300-і балалар, оның ішінде 211 адам сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, мектеп-интернаттарда, мүгедек балаларға арналған интернаттарда. Екпе алған ересектер саны 14 мың адамнан асты.

Елордада екпе салу қараша айының басына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу