Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан бастап вакцинацияланғандар күндізгі режимде жұмыс істей алады

954

Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулерді қатайту туралы жаңа қаулы ертең, яғни 27 маусымда күшіне енеді, деп хабарлайды inbusiness.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 27 маусымнан бастап вакцинацияланғандар күндізгі режимде жұмыс істей алады

Жаңа қаулы ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2021 жылғы 22 маусым күнгі хаттамасына сәйкес қабылданды.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшуі керек. Ал вакцинацияны толық қабылдаған қызметкерлер офлайн режимдегі жұмысқа жіберіледі.

"Өндірістік қажеттілікке байланысты меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, кәсіпорындардың әкімшілік персоналының кемінде 80%-ын қашықтан жұмыс істеу түріне көшірілуі тиіс. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкер күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі", — делінген қаулыда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу