Нұр-Сұлтанда 3 жылда 16 бала терезеден құлап көз жұмған

1046

Биылдың өзінде 28 оқыс оқиға тіркеліпті.

Нұр-Сұлтанда 3 жылда 16 бала терезеден құлап көз жұмған

Көпқабаттың үлйердің терезесі қараусыз қалған балалар үшін о дүниенің қақпасына айналып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басқарма басшысы Еркін Отарғалымұлы осылай деп дабыл қақты.

"Жалпы балалардың терезеден құлау оқиғаларына көбінесе 2 мен 7 жас арасында балалар ұшырайды. Бұған басты себеп – осы жастағы балалардың ашық терезе алдында қараусыз қалуы. Сатистикалық мәліметтер бойынша, 2018 жылдан бастап қала аумағында осындай 70 факт тіркелген. Салдарынан 16 бала көз жұмып, 54-і әр түрлі жарақат алды. Биылдың өзінде 28 осындай оқиға тіркелді. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Құрметті ата-аналар! Бұл статистикалық мәліметтер шын мәнінде қорқынышты. Ашық терезе алдында балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", –деді ол онлайн брифнгте.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу