Нұр-Сұлтанда 33 жаңажылдық шырша орнатылды

633

Мерекенің басты нышанын жағу рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда 33 жаңажылдық шырша орнатылды

Шыршалардың бірі ЭКСПО қалашығының аумағында орналасқан, биіктігі – 25 метр. Жасанды шырша – 1200 шар, 250 – кішкене және 20 композициялық қармен түрлі-түсті етіп безендірілген. Ұзындығы 1500 метр жыпылықтайтын жарық диодты және 500 метр твинкл-лайт гирляндтармен жарықтандырылған. Салтанатқа қатысқан қала тұрғындары мереке сәнін жоғары бағалады.

Ал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халық көп шоғырланған жерлерге баратын қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейне құттықтаулар ұйымдастырылады. Роликтерге танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда алты метрлік тоқылған шырша пайда болады. Қазір мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер жұмыс жасауда.

Сондай-ақ "Үйдегі шыршаны безендіру" флешмобы аясында әркім өзінің телефонына видео немесе фото түсіріп, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып әлеуметтік желілерде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу