Нұр-Сұлтанда 36 мотоцикл өртеніп кетті

750

Мамандар өрттің неден шыққан анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтанда 36 мотоцикл өртеніп кетті

Елордада 36 мотоцикл өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz

Оқыс оқиға бүгін сағат 11:54-те Герцен көшесінде болған.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12:02-де жеткен. Олар дүкен аумағында 63 мотоцикл мен 1 қарда жүретін техниканың өртенгенін анықтады. Өрт 15 шаршы метрді шарпыған. Ол сағат 12:09-да толық сөндірілді", – деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өртті сөндіруге 10 маман мен 2 техника жұмылдырылған.

"Оқыс оқиғадан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.  Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу