Елордада мұғалімдер арасында COVID-19 вирусын жұқтырудың 37 жаңа дерегі тіркелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Бағлан Сматаева айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Бүгінде қалада 37 мұғалім мен 1 256 оқушы коронавирус жұқтырып, ауырып жатыр. COVID-19-дың одан әрі таралуына жол бермеу үшін мектеп директорлары СЭС мамандарымен бірігіп жұмыс істеп жатыр", - деді басшының орынбасары елорда әкімдігінде өткен брифингте.
Бағлан Сматаева астаналықтарға маска тағып, арашықтықты сақтап жүруге кеңес берді.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу