Нұр-Сұлтанда 600 мың адамға вакцина салу жоспарланған

1320

Қоғамдық орындарда мобильді екпе салу бекеттері ұйымдастырылады. 

Нұр-Сұлтанда 600 мың адамға вакцина салу жоспарланған

Елордада халықты жаппай вакцинациялау сәуір айына жоспарланған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Сәуірдің екінші жартысында халықты жаппай вакцинациялауға көшуді жоспарлап отырмыз. Қазір медицина қызметкерлері, педагогтар мен шұғыл және әлеуметтік мекемелердің қызметкерлеріне екпе салу жұмыстары жүргізілуде", - деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар ол жаппай вакцинациялау мәселесіне тоқталды. Тимур Мұратовтың айтуынша ол созылмалы аурулары бар адамдардан басталады.

"Бізде созылмалы аурулары бар адамдар бар. Мұны да ескердік, сондықтан жаппай вакцинациялау бірінші кезекте осы топтағы азаматтардан басталады. Екпе емханаларда салынады. Бірақ күн жылығанда қоғамдық орындарда мобильді бекеттер ашылуы мүмкін. Жыл соңына дейін 647 мың адамға екпе салуды жоспарлап отырмыз. Бұл қала халқының 60%-ы. Яғни, айына 100 мың адамға вакцина салынады", – деді спикер. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу