/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 24 580,91 Hang Seng 24 266,06
FTSE 100 6 045,69 РТС 1 215,69
KASE 2 428,99 Brent 36,55
Нұр-Сұлтанда 8 жыл бойы салынған құрылыс аяқталды

Нұр-Сұлтанда 8 жыл бойы салынған құрылыс аяқталды

Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған нысан пайдалануға берілді.  

05 Шілде 2020 16:31 299

Нұр-Сұлтанда 8 жыл бойы салынған құрылыс аяқталды

Сегіз жыл бойы салынған «Столичный-2» тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 200-ден астам үлескердің мәселесі шешілді, деп хабарлайды astana.gov.kz сайты.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, биыл көппәтерлі 20 тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі, демек 8 мың үлескер көптен күткен пәтерлерін алады.

 «Столичный-2» тұрғын үй үлескерлері 8 жылдан астам уақыт өз пәтерін күтті. Әр ұзақ салынып жатқан құрылыспен біз жеке жұмыс жасап жатырмыз. Нысандарды аралап көреміз, құрылыс қалай жүріп жатқанын тексеріп, қандай шешім қабылдау қажет екенін ескеріп отырамыз. Сіздермен де кездесіп, ұсыныстарыңызды тыңдадық. Өткен жылы сіздерде сенімсіздік болғаны есімде. Ал қазір сіздер ерекше қуанып тұрсыздар. Енді өз пәтеріңізге кіре аласыздар. Үлескерлердің мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында. Пандемияға қарамастан, құрылысшылар қатаң санитария нормаларын сақтай отырып, құрылыс жұмыстарын жалғастыруда. Биыл тағы 8 мың үлескердің мәселесін шешеміз, көппәтерлі 20 тұрғын үй кешенін салып, пайдалануға береміз.

Тағы бір мәселе – «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені. Ол 2004 жылдан бері тұр. Техникалық тексеріс ғимарат апатты жағдайда екенін анықтады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ғимаратты бұзу туралы шешім қабылданды. Орнына жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысы жүргізілуде. 500-ден астам адам үлескер атанды. Сонымен қатар, ұзақ уақыт салынып жатқан «Шығыс», «Жағалау» тұрғын үйлері де бар. Әр нысан бойынша нақты жоспар бар», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

«Столичный-2» тұрғын үй кешенінің үлескері Жанар Дүйсенова уақыт өте, тіпті, үйден үмітін үзгенін айтады.

«Көп жыл бойы өз пәтерімізді күтіп, тіпті үмітіміз үзілді. 8 жыл бойы бұл мәселемен бармаған жеріміз қалмады. Міне, 2020 жыл – біз үшін ерекше жыл болды. Біз өз пәтерімізді алдық. Қатты қуанып жүрміз. Баршаңызды келе жатқан Елорда күнімен құттықтаймын! Өмірде қуанышты сәттер көп болсын», – дейді үлескер.
 

Елорданың құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйіне инвестор анықталды

Қазіргі уақытта үй қаржыландырылды, жер учаскесі рәсімделді, объектіде құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

08 Мамыр 2020 18:18 312

Елорданың құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйіне инвестор анықталды

Мәңгілік Ел №29 және №30 қиылысында орналасқан «Хазар» («Загреб») тұрғын үй кешенінің инвесторы анықталды. Қазіргі уақытта үй қаржыландырылды, жер учаскесі рәсімделді, объектіде құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Үй «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «ЕКК» ЖШС мен инвестордың қатысуымен салынады.

Құрылысы ұзаққа созылған «Талисман» тұрғын үй кешенінде (Е542 и Е567 көшелерінің қиылысы) құрылыс жұмыстары басталды. Биыл шамамен 8 мың үлескері бар 20 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беріледі.

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр үй салынады

8 мыңға жуық үлескер пәтер иегері атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады.  

01 Мамыр 2020 18:16 335

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр үй салынады

Биыл Нұр-Сұлтанда құрылысы ұзаққа созылған 500 мың шаршы метр тұрғын үйлердің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Бұл – 20 тұрғын үй кешені. 8 мыңға жуық үлескер пәтер иегері атанып, үй құжаттарын рәсімдей алады.

Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов жұмыс сапары барысында «Жастар 4»,  «Арыстан», «Гарант» сияқты бірқатар үлестік құрылыс нысанын аралады.

«Тұрғын үй кешенінде жұмыстар қайта басталды. Пәтерімізді жыл сайын күттік. Ал қазір құрылыс жұмыстарының жанданғанын өз көзімізбен көріп тұрмыз. Өткен жылдың күзімен салыстыратын болсақ, көп жұмыс атқарылды. Өзіміз үшін де, басқа да үлескерлер үшін де қуаныштымыз», – деп атап өтті тұрғын үй үлескерлері.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтау керектігін айтты. «Пандемияны ескере отырып, нысандарда барлық талаптарды қатаң сақтау қажет. Жұмысты тиісті деңгейде жүргізу маңызды. Құрылыс сапалы болуы керек. Қаланы абаттандыру қажет». Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 үй пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.