Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы ескі, апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі

748

Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар.

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы ескі, апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі

Нұр-Сұлтанда 800-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа үйлерге көшіріледі. Сонымен бірге тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешендерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімінің ресми сайты. Апатты үйлердің ішінде 1931 жылы салынғандары да бар.

Қаланы аралау барысында елорда әкімі Алтай Көлгінов ескі үйлерді аралап, тұрғындармен әңгімелесті. Сарыарқа ауданы, Бесшатыр көшесі, 8 тұрғындары 2019 жылдың күзінде елорда әкімімен кездескеннен кейін, ауданда бірқатар мәселенің шешілгенін айтты. Асфальт төселіп, кәріз мәселелері шешілген. Қазіргі таңда апаттық тұрғын үйлерді бұзу мәселесі қалып отыр.

"Қалада 125 апатты үй бар. Сіздің ауданда былтыр болып, осы жылы сүрілетін үйлердің қатарына қостық. Осы үйдің барлық отбасылары жаңа жылды жаңа пәтерлерде қарсы алады. Биыл 800 - ден астам отбасын жаңа үйлерге көшіреміз",– деді қала әкімі Алтай Көлгінов.   

Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында елордада 50-ден астам көппәтерлі тұрғын үй кешені жөндеуден өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу