Нұр-Сұлтанда 800-ге жуық заңсыз жарнама алынып тасталды

1157

Қалада "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" акциясы жүріп жатыр.

Нұр-Сұлтанда 800-ге жуық заңсыз жарнама алынып тасталды

Нұр-Сұлтан қаласында "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" атты жалпықалалық акция өтуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін қалалық әкімдікте өткен отырыс барысында қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов жыл басынан қалада 800-ге жуық заңсыз жарнама алынғанын айтты.

"Қазір әр аудан бойынша жұмыс тобын құрдық. Арнайы график бекітіп, әр күні әр ауданда заңсыз жарнамаларды алуды бастадық. Жалпы қалада "Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс" акциясы жүріп жатыр. Шара аясында 250-ден аса нысанда заңдық консультация берілді. Жақында ғана Тәуелсіздік даңғылы бойында 200 метрден асатын билбордты алдырып тастадық. Жыл басынан жұмыс топтары "Алматы" ауданында – 137, "Байқоныр" ауданында –  400-ден аса, "Есіл" ауданында – 15, "Сарыарқа" ауданында 247 заңсыз жарнама алынып тасталды. Жұмыстар жалғасып жатыр",– деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу