"Әр демалыс сайын елорда тұрғындарын жасыл желек отырғызуға шақырамыз. Жалпы алғанда, біз қала ішінде 200 мың, ал елорданың айналасындағы жасыл белдеу аумағына 800 мың ағаш отырғызамыз. Қаланы көгалдандыру экологиялық жағдайды жақсартуда маңызды рөл атқарады. Олар климатқа әсер етеді, шуды азайтады, шаңды өзіне сіңіреді, биоәртүрлілікті қолдайды", – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков.
Әкім орынбасарының айтуынша, жыл соңына дейін қала аумағын абаттандыру аясында тағы 22 қоғамдық кеңістік ашылады. Атап айтқанда, Президенттік саябақта спорт және балалар алаңы, ит серуендететін орын ашу жоспарланып отыр.
Бүгінгі акция аясында 113 га аумаққа созылған Президенттік саябаққа қарағай, терек, емен және қайың көшеттері отырғызылды – барлығы 200-ден астам ағаш. Жақын арада 1000-ға жуық ағаш отырғызу жоспарлануда.