Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска тігетін өндіріс орны іске қосылды

712

Медициналық маскалардың ерекшелігі – сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. 

Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска тігетін өндіріс орны іске қосылды

Нұр-Сұлтанда айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда бір рет қолданылатын медициналық маскалар өндірісі ашылды.

"10 маусымда бізге құрал-жабдықтар келе бастады. Содан кейін оны әзірлеп, жұмысқа қызметкерлер қабылдауға кірістік. Ал 20 шілдеден бастап сынақ режимінде жұмысқа кірісіп, қызметкерлерді де қатар оқыту басталды. Кәсіпорын жолағы сынақ режимінде екі миллионға жуық маска шығарды. Толық өндірістік қуаты - айына бес миллион маскаға дейін", – деді "Болашақ 2019" ЖШС техникалық директоры Ғабит Нүсіпов.

Медициналық маскалардың ерекшелігі – сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Қазіргі уақытта кәсіпорында үш маусымда жұмыс істейді.

"Біз біргеміз" акциясы аясында кәсіпорын №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Маскалардың жоспарланған бағасы – 55 теңге (көтерме сауда), 60 теңге (бөлшек сауда).

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу