Нұр-Сұлтанда әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері өтеді

1210

Елорда тұрғындары өз сұрақтары мен шағым-өтініштерін қала билігіне жазбаша түрде жібере алады. 

Нұр-Сұлтанда әкімдердің тұрғындармен есептік кездесулері өтеді

Халықтың ыңғайы үшін барлық аудан орталықтарында, халық көп жиналатын сауда орталықтарында арнайы жәшіктер орнатылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

"Есіл" ауданы әкімі астаналықтар алдында 29 қаңтар – 2 ақпан аралығында есеп береді (барлығы 5 кездесу өтеді деп жоспарланған). "Алматы" ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 3-7 ақпан аралығында (5 кездесу), "Сарыарқа" ауданы әкімінің қала тұрғындарымен кездесуі 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында (6 кездесу), ал "Байқоңыр" ауданы әкімінің тұрғындармен кездесуі 27-31 қаңтар (5 кездесу) аралығында өтеді.

Іс-шаралар "сұрақ-жауап" форматында өтетін болады.

Аудан әкімдіктерінің "Қауырт желі" телефондары: "Алматы" ауданы: Байланыс телефоны - 36-39-19; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бауыржан Серікпайұлы Қапанов. 

"Есіл" ауданы: Байланыс телефоны - 55-73-83; байланысушы тұлға  – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Бейсов Олжабек Абайұлы.

"Сарыарка" ауданы: Байланыс телефоны – 55-66-03; байланысушы тұлға – Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы Исаков Ерболат Түгелбайұлы.

"Байқоңыр ауданы": Байланыс телефоны - 55-74-91; байланысушы тұлға  –Жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Баужанов Азат Қайратұлы.

Сондай-ақ, қала тұрғындары ұсыныстарын барлық 4 ауданда орналасқан өтініш жәшіктеріне қалдыра алады.

Есіл ауданының тұрғындары үшін жәшіктердің орналасқан жері:  "MEGA Silk Way" СОСО, "Керуен" СОСО, Есіл ауданы әкімдігі, аудандық ХҚКО.

Сарыарқа ауданы тұрғындары "Қазпошта" ғимаратында, "Sine Tempore" сауда үйінде, аудандық ХҚКО, № 4 қалалық емханада, №10 қалалық емханада, Тілендиев,15 мекен-жайындағы "Рахмет" сауда орталығында, Герцен, 84 көшесінде орналасқан "Рахат" дүкенінде, Бабатайулы, 6/1  көшесіндегі "Шик" дүкенінде, "Көктал-2" сауда үйінде өтініш хаттарын қалдыра алады.

Алматы ауданы тұрғындары аудандық ХҚКО, №6, №7, №11 қалалық емханаларда,  Б.Момышұлы көшесіндегі "Рахмет" сауда орталығында, "Еуразия" сауда орталығында, "Аружан" СОСО, Өндірістік және Теміржолшылар, Интернациональный тұрғын үй алаптарындағы аудан әкімдіктерінде өтініш пен ұсыныстарын қалдыра алады.

"Байқоңыр" ауданы бойынша тұрғындардың өтініштеріне арналған жәшіктердің орналасқан жері: Астаналық сауда үйі, "Байқоңыр" ауданының ХҚКО, "Астықжан" сауда үйі, Орталық базар, "Байқоңыр" ауданы әкімінің бас инспекторының ғимараты, аудан әкімдігінің ғимараты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу