Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

830

Іс-шара аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

2019 жылғы 11 желтоқсанда "Астана" халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Салтанатты рәсімге ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев өз сөзінде Қазақстан АҚИҰ қызметіне және осы Ұйымның мүшелік құрамын кеңейту бойынша жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.

Іс-шара аясында Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен АҚИҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Осы күні АҚИҰ штаб-пәтерінде АҚИҰ Атқарушы кеңесінің кезекті 4-ші отырысы ашылды, онда кездесуге қатысушылар ұйымның ИЫҰ-ға мүше елдердің Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған ағымдағы қызметі талқыланады.

Қазіргі уақытта Ұйымның құрамына Ислам әлемінің 34 мемлекеті кіреді және оның қызметі Ауыл шаруашылығы мен Азық-түлік әлеуетін дамыту саласында мұсылман әлемінің күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу